Қаулыға орай, төмендегілер су алу тәртібін бұзу болып есептеледі:

белгіленген лимиттен артық су алу;

су алу шартын рәсімдемей су алу;

су алу орындарын суды басқару және есепке алу құралдарымен жабдықтамай су алу;

суды арнайы пайдалануға арналған рұқсатсыз су алу;

өз бетінше, рұқсатсыз су алу.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл ішінде алғаш рет су алу тәртібін бұзған, бірақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ өзге тұлғалардың мүлкіне зиян келтірмеген заңды тұлғаларға қатысты «Алғашқы қателік үшін — ескерту» қағидасы қолданылады.

Мұндай жағдайда Инспекция заңды тұлғаға «suvnazorat.uz» электрондық платформасы арқылы ескерту жасап, нұсқау береді. Егер  заң бұзушылық 10 күн ішінде жойылмаса, қаржылық санкция қолданылады.

Қаржылық санкция әрбір мың текше метр су үшін базалық есептеу мөлшері (БҲМ) негізінде, Су кодексінің 164-бабында (https://lex.uz/uz/docs/-7655343#-7658553 ) белгіленген пайыздық мөлшерде есептеледі. Санкция қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде су алу тәртібі қайтадан бұзылған жағдайда, санкция бес есе мөлшерде қолданылады.

Төлеу тәртібі:

қаулы мен санкцияның есеп-қисабы алынған күннен бастап бір ай ішінде соманың 50 пайызы ерікті түрде төленсе, заңды тұлға қалған бөлігін төлеуден босатылады.

соманы алты айдан кешіктірмей, ай сайын кемінде алтыдан бір бөлігін төлеу шартымен бөліп төлеуге болады. Бір ай ішінде алғашқы төлем жасалған жағдайда, бұл тәртіп автоматты түрде қолданылады.

санкция ерікті түрде төленген кезде құқықтық ықпал ету шарасы қолданылмаған деп есептеледі.

Егер бір ай ішінде төлем ерікті түрде жасалмаса, Инспекция сотқа талап арыз береді. Ал шағым берілген жағдайда, ол қаралғанға дейін санкция қолдану үдерісі мен оның мерзімі тоқтатыла тұрады.

Сот заңсыз және негізсіз деп таныған санкциялар бойынша төленген қаражат 15 күн ішінде қайтарылады. Қаражат уақытында қайтарылмаған әрбір күнтізбелік күн үшін Орталық банктің негізгі мөлшерлемесінің үш жүзден бір бөлігі мөлшерінде пайыз төленеді.