Оған Қарақалпақстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрінің бірінші орынбасары Айбек Дәулетбаев, Төрткөл ауданы әкімінің орынбасары Бабур Янгибаев, аудандық мектепке дейінгі және мектеп білім беру бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ аудандағы барлық жалпы орта білім беретін мектептердің директорлары қатысты.

Ашық диалог барысында аудандағы білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстарға сыни талдау жасалып, орын алып отырған қателіктер мен кемшіліктерді жою, білім сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.

Атап айтқанда, мұғалімдердің пәндер бойынша ұлттық және халықаралық сертификаттарға ие болу деңгейі, педагогтердің озық жұмыс тәжірибесін бұқараландыру, орта арнаулы білімі бар мұғалімдердің қызмет тиімділігін арттыру және 11-сынып түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіштерін жақсарту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар оқушылардың пәндер бойынша ұлттық және халықаралық сертификаттар алуына жағдай жасау, дарынды әрі IT саласында табыс тауып жүрген оқушылардың үлесін арттыру, сондай-ақ «Бес миллион жасанды интеллект жетекшілері» жобасы аясындағы жұмыстардың тиімділігін қамтамасыз ету міндеттері талқыланды.

Ашық диалогтың негізгі мақсаты – білім сапасын жаңа деңгейге көтеру, педагогтердің әлеуетін арттыру және оқушылардың білімі мен дағдыларын одан әрі дамыту болды.


Минажатдин ҚҰТЛЫМҰРАТОВ,

«Янги Ўзбекистон» газетінің тілшісі.