Сұхбат басында Мемлекет басшысы Иран Президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, отбасына амандық пен бақыт, жауапты мемлекеттік қызметіне үлкен табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға, атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды одан әрі жандандыруға ерекше назар аударылды.

Өзбекстан мен Иран Президенттері аймақтық күн тәртібі мен алдағы іс-шаралар жоспары жөнінде де пікір алмасты.