Бірінші оқыс оқиға жұма күні Кедайняй ауданындағы Гуджюнай станциясында болған. Қиыршық тас тиелген үш платформа рельстен шығып кеткен.

Сенбі күні Каунас ауданында метанол таситын локомотив пен бірнеше жүк вагоны рельстен шығып кеткен.

Екі жағдайда да ешкім зардап шекпеген. Метанолдың (метил спирті) төгілгені туралы хабарланбаған. Каунас ауданындағы апат көршілес желілердегі қозғалыстың тоқтауына әкеліп, 20-дан астам жолаушылар пойызына әсер еткені айтылуда, деп хабарлайды kazinform.

Апаттарды Әділет министрлігінің Қауіпсіздік жөніндегі тергеу департаменті, «Летувос гележинкеляй» (Литва теміржолдары) мемлекеттік компаниясы және полиция басқармасы тексеріп жатыр. Полиция техникалық ақау қарастырылуда. Басқарма мәліметінше, әзірге қылмыстық әрекет белгілері анықталмаған.