Кездесуде шөлейттенуге қарсы күрес, тозған жерлерді қалпына келтіру және климат өзгерісінің салдарын жою бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.
Кейінгі бес жылда өзара тиімді ынтымақтастық аясында 15 бірлескен жобаның жүзеге асырылғаны атап өтілді.
Арал өңіріндегі экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту және қуаң экожүйелердің тұрақтылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Көміртекті сіңіру көлемін есепке алу тетіктерін жетілдіру және көміртек қаржыландыруы есебінен қаражат тартудың маңыздылығы сөз болды.
Кездесу соңында шөлейттенуге қарсы күрес және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту, бірлескен бастамаларды ілгерілету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.