Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, мұндай қарқындылықтағы күн жарқылы соңғы рет 5 қыркүйекте тіркелген, деп хабарлады Kazinform.
— 5 қазан күні Мәскеу уақытымен сағат 21:48-де 4545 (N19E10) дақтар тобында2ы рентген диапазонында М1.1 деңгейіндегі жарқыл тіркелді. Ол 30 минутқа созылды, — делінген хабарда.
Күн жарқылдары рентген нұрлануының қарқындылығына қарай бес сыныпқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең төменгісі — A0.0 сыныбы. Ол Жер орбитасында бір шаршы метрге 10 нанноватт нұрлану қуатына сәйкес келеді. Әрбір келесі әріпке өткен сайын нұрлану қуаты 10 есеге артады.
Күн жарқылдары кезінде плазма атқылауы мүмкін. Егер оның бұлттары Жерге жетсе, олар магниттік дауылдардың пайда болуына себеп болады.