Құжатқа орай, білім беру мекемелерінде биометриялық кіру жүйелері, бейнебақылау камералары, «дабыл» түймелері және басқа да заманауи қауіпсіздік құралдары кезең-кезеңімен енгізіледі.

Министрлер Кабинетінің  2026 жылғы 31 шілдедегі 425-санды  «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің, беймемлекеттік  білім беру ұйымдарының және шетел мемлекеттердің білім беру ұйымдары филиалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысы қабылданды.

Қаулыға орай, мемлекеттік білім беру мекемелерінде, беймемлекеттік білім беру ұйымдарында және шетел мемлекеттердің білім беру ұйымдары филиалдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

– білім беру ұйымдары қауіпсіздік деңгейіне қарай санаттарға бөлініп, әрбір санат үшін күзет талаптары белгіленеді;

– мемлекеттік білім беру мекемелерінде интернет желісінің жұмысына әсер етпейтін арнайы байланыс арнасы ұйымдастырылады;

– күзет сигнализациялары мен «дабыл» түймелері кезең-кезеңімен орнатылып, Ішкі істер министрлігінің Күзет департаментінің мониторинг жүйесіне ұланады;

– негізгі кіреберістерге биометриялық кіру-шығуды бақылау жүйелері орнатылады, ал жиналған мәліметтер кемінде 3 ай сақталады;

– бейнебақылау жүйесі ғимараттың айналасын, кіреберістерді, асхананы, «дабыл» түймелері орнатылған аумақтарды және қабат дәліздерін толық қамтиды, бейнежазбалар кемінде 1 ай сақталады;

– көлік қозғалысы қарқынды жолдардың маңындағы білім беру ұйымдарының айналасында жаяу жүргіншілерге арналған «жасыл дәліздер» ұйымдастырылып, көлік қозғалысына шектеу қойылады;

– күзет қызметкерлері арнайы оқу орталықтарында даярланып, олардың біліктілігі тұрақты түрде арттырылып отырады.

Аталған қаулыда көзделген іс-шаралар 2026–2027 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.