Бұл туралы Ташкент қалалық халық депутаттары Кеңесінің тиісті қаулысы қабылданды.

Қаулыға орай, көлік картасын пайдаланушылар үшін жеңілдетілген және тегін тарифтер де қолданылады. Атап айтқанда, жолаушы ATTO картасы арқылы автобуста жолақысын төлеп, бір сағат ішінде басқа бағыттағы автобусқа ауысса, екінші рет төленетін жолақы 1 500 сум болады. Қазіргі уақытта бұл сома 700 сумды құрайды.

Бір сағат ішінде үшінші және төртінші автобуспен жүрген кезде қосымша төлем алынбайды.

Бір сағаттық тариф бойынша метро қызметін бір сағат ішінде тек бір рет пайдалануға болады. Метроны екінші рет пайдаланған кезде 60 минуттық есептеу кезеңі қайтадан басталады.

Кеңес жолаушының сапарлар санына қарай көлік карталарының тарифтерін де белгіледі. Оған сәйкес, автобуспен жүруге арналған бір күндік карта 11 500 сум, ал 30 күндік карта 250 мың сум болып белгіленді.

Метрополитенді пайдалану үшін бір күндік тариф 13 500 сумды, ал 30 күндік тариф 345 мың сумды құрайды.