“Психикалық жағдайы бұзылған мүгедектігі бар тұлғаларға
әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін түбегейлі жетілдіру бойынша қосымша іс-шаралар
туралы” Президент Жарлығы (ПЖ–69-санды, 27.04.2026 ж.) қабылданды.
Жарлыққа сәйкес, балалардың дене және ақыл-ой
дамуындағы ауытқуларды ерте анықтау және оларды уақытылы кешенді әлеуметтік
қызметтермен қамту мақсатында 2026 жылғы 1 маусымға дейін кезең-кезеңімен “Ерте
араласу” қызметі енгізіледі.“Ерте араласу” қызметі аясында:
– мүгедектігі белгіленген немесе дене және ақыл-ой дамуында ауытқулары бар 3
жасқа дейінгі балаларға Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі тарапынан жүргізетін “Бірыңғай ұлттық
әлеуметтік қорғау” ақпараттық жүйесіндегі арнайы электрондық тізілімге
енгізілген беймемлекеттік ұйымдар
қызмет көрсетеді;
– балаларға арнайы педагогтар тарапынан коррекцион (дамыту) педагогикалық көмегі көрсетіліп, емдік дене
шынықтыру нұсқаушылары тарапынан кешенді дамыту және оңалту жаттығулары өткізіледі.