Құжатқа орай, 2030 жылға дейін дамыту және бұқараландырудың негізгі мақсаттары етіп төмендегілер белгіленді:

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) рейтингінде  волейбол бойынша Өзбекстан ұлттық құрама командасының орнын көтеру және  Азияның ең үздік 5 елінің қатарына енгізу;

Волейбол спорт түрімен тұрақты айналысатындар санын 1 миллионға жеткізу жоспарланған.

2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап әрбір аудан мен қаладағы кемінде бір мектепте волейболға мамандандырылған спорт клубы ашылады.

Сондай-ақ, мектептерде волейбол үйірмелері ұйымдастырылып, «Келешек жұлдыздары» жарысы өткізіледі.

Өзбекстан волейбол федерациясы жанынан Ұлттық волейбол лигасы құрылып, оның құрамына кәсіби, студенттік және әуесқой лигалар енгізіледі.