Жаңа стандарт бюджеттік ұйымдарда, мемлекеттік мақсатты қорларда және басқа да бюджеттен тыс қорларда кірістерді тану, бағалау және қаржылық есептілікте көрсету тәртібін белгілейді.

Құжатқа сәйкес, кірістер екі санатқа бөлінеді.

Бірінші санат — міндетті келісімсіз операциялар болып, оларға салықтар, алымдар, гранттар, қайырымдылық көмектер және өтеусіз аударымдар жатады.

Екінші санат — міндетті келісім негізіндегі операциялар. Бұл санатқа мемлекеттік тапсырыстар, қызмет көрсету келісімшарттары, сондай-ақ грант немесе қаржы есебінен белгілі бір нәтижеге қол жеткізуді көздейтін келісімдер кіреді.

Стандартқа сәйкес, міндетті келісімсіз операциялар бойынша кіріс ақша қаражысы немесе басқа ресурстар алынғанда,  оларға қатысты құқық пайда болған кезде тән алынады. Егер алынған қаражатқа байланысты белгілі бір міндеттеме болса, онда кіріс сол міндеттеменің орындалу барысына қарай танылады.

Ал міндетті келісім негізіндегі операцияларда кіріс қаражаттың түскен сәтінде емес, келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалған кезде немесе олардың орындалу үдерісінде тән алынады. Салықтық кірістер болса, салық орын алған сәттен бастап есепке алынады.

Аталған стандарт кірістерді дұрыс сыныптауды, оларды уақытылы тануды, әділ бағалауды және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес қаржылық есептілікте көрсетуді қамтамасыз етуге қызмет етеді.