Жол қозғалысын
ұйымдастыру орталығының бастамасымен бекет аумағы қысқа мерзімді дене
жаттығуларына арналған воркаут жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Енді жолаушылар
автобус күту уақытын жеңіл жаттығулар жасауға, турникке тартылуға немесе жалпы
дене белсенділігімен айналысуға пайдалана алады.
Айтылуынша,
мұндай бастама қалалық инфрақұрылымның тек қозғалысын қамтамасыз етуге ғана
емес, сонымен қатар тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, жайлылығын арттыруға
және күнделікті өмір сапасын жақсартуға да қызмет ететінін көрсетеді.
Мұндай тәжірибе
әлемнің бірқатар қалаларында да қолданылған. Атап айтқанда, Сеул, Пекин,
Сингапур, Париж, Богота және Кали қалаларындағы кейбір автобус бекеттері
турниктермен, баспалдақтармен және басқа да спорттық құрылғылармен жабдықталған
шағын белсенділік аймақтарына айналдырылған.
Мәлім етілуінше, мұндай нысандар ең алдымен
халық тығыз қоныстанған аудандарда, жолаушылар ағыны жоғары автобус бағыттары
қызмет көрсететін бекеттерде және қауіпсіздік талаптарына толық жауап беретін
орындарда салынады.
Негізгі өлшемдер ретінде жолаушылардың
қауіпсіздігі, қолайлылық, конструкциялардың беріктігі, тұрақты техникалық
қызмет көрсету, сондай-ақ қоғамдық көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына
кедергі келтірмеу талаптары белгіленген.
Сонымен қатар, Ташкент қаласының әкімдігі
тұрғындардың ұсыныстарын қабылдайтынын хабарлады. Азаматтар воркаут-бекеттер салуға қолайлы деп есептейтін мекенжайлар бойынша өз
ұсыныстарын @codd_tashkent_bot Telegram-боты арқылы жолдай алады.