Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Медициналық-биологиялық проблемалар институтының (ИМБП) “Ғарыш биологиясы” ғылыми бағытының басшысы Владимир Сичев РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты.

“Венера қандай планета? Венера бетінде температура шамамен 400 градус. Ал оның 60 километр биіктіктегі атмосферасында температура шамамен 40–60 градусты құрайды”, — деді ол.

Сичев бұған дейін, Венера планетасы атмосферасында тіршілік бар болуы мүмкін деген болжамға негіз болатын қоспалар табылғаны туралы хабарлар болғанын еске салды. Алайда ғалым мұндай болжамды өте даулы деп атады, деп хабарлайды ru.kabar.kg.