Бұл туралы Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Фурқат Сидиқов мәлімдеді.

Айта кету керек, аталған айвон Президент Шавкат Мирзияев тарапынан АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Америка Президенті Дональд Трамп пен Америка халқына сыйға тартқан.

Елші осы бағалы сыйлықты Америка халқының атынан қабыл алғаны үшін Президент Дональд Трампқа алғысын білдірген.

Салтанатты рәсім барысында Президент Трамптың тікұшағы саябақ үстінен ұшып өтті. Бұл көрініс шараға өзіндік рәміздік мән берді.

Өзбек ұлттық сәулет өнері мен қолөнерінің көрнекті үлгісі саналатын айвондар екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің рәмізіне айналады деп күтілуде.

Сонымен қатар, олар әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристерге өзбек мәдениеті мен өнерін жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Ал АҚШ-тағы өзбек диаспорасы үшін ұлттық дәстүрлерді сақтап, мәдени іс-шаралар өткізетін арнайы орын ретінде қызмет етуі жоспарланған.