Ағымдағы жылдың 20–22 маусым күндері күтілетін жауын-шашындарға байланысты республиканың тауалды және таулы аймақтарында, атап айтқанда:

Қашқадария облысында: Яккабағ, Дехқанабад, Шырақшы, Китаб, Шахрисабз, Қамашы және Ғузар аудандарында;

Сұрхандария облысында: Сариасия, Ұзын, Алтынсай, Денов, Байсын, Шеробод, Шурчи, Құмқорған және Музрабат аудандарында;

Самарқант облысында: Үргіт, Самарқант, Бұлунғур, Нурабад, Қошрабат, Каттақорған, Пайарық, Жамбай және Иштихан аудандарында;

Науаи облысында: Хатыршы, Навбахор, Нұрата, Кенимех және Кармана аудандарында;

Жызақ облысында: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шараф Рашидов, Фарыш және Янгиабад аудандарында;

Ташкент облысында: Аханғаран, Бостандық, Паркент, Піскент, Орта Шыршық, Жоғары Шыршық аудандарында, сондай-ақ Ангрен және Алмалық қалаларында;

Наманган облысында: Поп, Косонсай, Чортақ, Чуст, Наманган және Янгиқорған аудандарында;

Ферғана облысында: Сух, Шахимардан, Ферғана және Бешарық аудандарында;

Әндіжан облысында: Әндіжан, Асака, Жалакұдық, Қорғантепе, Пахтаабад, Ізбасқан, Қожаабад, Мархамат аудандарында және Ханабад қаласында сел және су тасқыны құбылыстарының орын алуы мүмкін.

Тауалды және таулы өңірлерде тұратын тұрғындардан, демалушылардан, сондай-ақ таулы аймақтарда қозғалып жүрген жүргізушілерден сақтық шараларын қатаң сақтау сұралады.

Республиканың кейбір аумақтарында жаңбыр суларының жиналуы ықтимал. Бұл жекелеген өңірлердің су басуына алып келуі мүмкін.