22 маусым
таңындағы жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,53 долларға (1,90
пайызға) арзандап, бір баррелі 79,04 долларға тең болды.
Сондай-ақ
америкалық WTI маркалы мұнайдың шілде айы үшін фьючерстері 76,53 долларға дейін
төмендеді. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 7 центке аз.
Тамыз
айына арналған фьючерстік келісімшарттар да 55 центке арзандап, мұнайдың бір
баррелі 75,30 долларға бағаланды.
Бұдан
бөлек, ресейлік Urals маркалы мұнайдың бір баррелі 66,58 доллардан сатылып
жатыр.
АҚШ пен
Иран арасындағы тікелей келіссөздер 21 маусым күні Швейцарияда өтті, деп хабарлады. Kazinform агенттігі.