Reuters агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында екі және төрт жастағы екі бала да бар. Олар жабық автокөліктің ішінде есінен танып қалған. Сондай-ақ жасы 80 және 95 аралығындағы үш адам ыстық өту салдарынан қайтыс болды. Бұдан бөлек, тағы 13 адам қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген жерлерде суға шомылу кезінде батып кеткен.

Бордо аумағында ауа температурасы 41,9°C-қа дейін көтеріліп, өткен жылдың тамыз айында тіркелген рекордты жаңартты. Ал Пуатье қаласында температура 41,2°C болып, 1947 жылы орнатылған бұрынғы ең жоғары көрсеткіштен асты.

Жаңа температуралық рекордтар Еуропаның басқа елдерінде де тіркелді. Сан-Себастьян қаласында ауа температурасы 40°C-қа жетті. Reuters Climate Monitor мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш 22 маусым күні үшін қаладағы тарихи орташа температурадан екі еседен де жоғары.

Met Office мәліметінше, елдің кейбір аймақтарында апта соңына дейін ауа температурасы 39°C-тан жоғары болуы мүмкін. Бұл жағдай 1957 және 1976 жылдары тіркелген 35,6°C рекордтық көрсеткіштердің жаңаруына алып келуі ықтимал, деп хабарлайды kommersant.ru.